Қытай кедейлікті ғылымның және технологияның көмегімен жеңді
Қытай кедейлікті ғылымның және технологияның көмегімен жеңді
3 жыл бұрын 2804 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай фермерлері соңғы ғылыми және технологиялық жетістіктерді пайдалана отырып, кедейлік қамытынан құтылды. 2012 жылдан бері Қытай халық республикасының ғылым және технология департаменті инновациялық кәсіпкерлік үшін кедей аудандарда 1290 платформа құрған екен, бұдан бөлек, ғылым мен техника саласында нақты көмек көрсету үшін 77 мың топ құрған. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Сондай-ақ, кедейліктен көз ашпаған аймақтарға 289,8 мың ғылыми-техник мамандандарын аттандырған. Бұған қоса, ел тұрғындарының әл-ауқатын көтеру үшін 50 мыңнан аса ауыл шаруашылық өнімдерінің жаңа түрлері мен озық технологияларды қолданған және 37,6 мың ғылыми-технологиялық жобаны жүзеге асырған. Бұл мақсатта 20 млрд юаннан аса қаражат (шамамен 3,06 миллиард доллар) жұмсаған. Қытайдың оңтүстік-шығысында орын тепкен Чжэцзян провинциясының ауыл шаруашылық ғылымы академиясы жанындағы бау-бақша зерттеу институтының қызметкері Цай Вэймин жетекшілік еткен ғалымдар тобы Уи уезінде саңырауқұлақ таяқшасының өндірісін орталықтандыруға арналған база құрып, жергілікті тұрғындарға саңырауқұлақ шаруашылығын дамытуға жұмылдырған. Олардың еңбегі еш кетпей, аталған аумақта 20-дан аса жаңа өндіріс желісі іске қосылған: жылына 38 млн-нан аса саңырауқұлақ таяқшасы өндіріледі, нәтижесінде жергілікті фермерлердің 90 пайыздан астамы пайданың астында қалған. Саңырауқұлақ өндірісінің осылайша ұйымдастырылуы мен өндіріс желісі жергілікті фермерлерге шығынды азайтуға әрі жалпы 100 млн юаннан аса (шамамен 15,46 млн доллар) табыс табуға көмектескен. Тағы бір мысал: Қытайдың орталық бөлігіндегі Хубэй провинциясына қарасты Цзыгуй уезінде Қытайдың инженерлік академиясының академигі Дэн Сюсинь апелсин ағашын өсірудің жаңа технологиясын енгізген болатын. Бұл технология өз кезегінде апелсинді жинау мерзімін айтарлықтай ұзартқан әрі елдегі ең ірі апелсинмен қамтамасыз етуші аймаққа айналған. Жаңа технология жергілікті фермерлерге жылдағыдан алып жүрген табысынан 30 пайыз көп пайда көруіне мүмкіндік берген.

Ұқсас материалдар: 

«Қытай жыл сайын 10 млн тұрғынды кедейлік қамытынан шығарады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-jyl-saiyn-10-mln-turgyndy-kedeilik-qamytynan-shygarady-12862/#gsc.tab=0);

«Қытай жетістігінің құпиясы неде?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-jetistiginin-qupiyasy-nede-14048/#gsc.tab=0);

«Қытай экономикасының қарқынды дамуының негізгі 5 себебі» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/qytai-ekonomikasynyn-qarqyndy-damuynyn-negizgi-5-sebebi-10366/#gsc.tab=0);

«740 млн адам кедейлік қамытынан құтқарылған» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/740-mln-adam-kedeilik-qamytynan-qutqarylgan-11038/#gsc.tab=0);

«Кедейлік қамытынан құтылмаған 750 млн адам бар...» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/kedeilik-qamytynan-qutylmagan-750-mln-adam-bar-11073/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат