Қытай экспорты бірер ай ішінде «бас айналдырар» рекордтық деңгейге жетті
Қытай экспорты бірер ай ішінде «бас айналдырар» рекордтық деңгейге жетті
4 ай бұрын 576 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2024 жылдың мамыр айында Қытайдың экспорты қаңтардан бері есептегенде 302,3 миллиард долларды құрап, рекордтық деңгейге көтерілді (жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 7,6 пайыз). Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде Қытай халық республикасының бас кеден басқармасы келтірген дерекке жөн сілтеген «Коммерсант» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Trading Economics сауалнамасына қатысқан сарапшылар мұндай күрт өсімді күтпеген еді - болжаға сәйкес, Қытайдың негізгі сауда серіктесі Америка құрама штаттарымен арадағы сауда талаптарының қатайуы және Еуропалық Одақтың сауда соғысына қосылуы ықтимал жағдайында Қытай бұдан былай шетелге соншалықты көп тауар сата алмауы тиіс болатын. Сарапшылар шетелге жөнелтілетін тауар өсімі алты пайызды құрайды деп болжаған еді, ал импорт болжанған деңгейден -  4,2 орнына бар болғаны 1,8 пайызға өскен. Соңғы оң, сыртқы сауда салдосы 2024 жылдың ақпанынан бері ең жоғары көрсеткішке, яғни, 82,6 миллиард долларға артқан. Trading Economics сарапшылары бұл көрсеткіш 73 миллиардтан аспайтынын алға тартқан еді. Бес айдың қорытындысы бойынша Қытайдың сауда балансының оң салдосы 2,7 пайызға өсіп, 337,2 миллиард долларға жетті. Электрондық тауарлар экспортының үлесі ең көп өсті (+4,3 пайыз). АҚШ-қа экспорт 0,2 пайызға артқан, ал Еуропалық сұраныс төмендеп, ЕО-ға тауар сатылымы 3,9 пайызға төмендеді. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшылары АҚШ пен Қытай сауда соғысын жалғастыра берсе, әлемдік жалпы ішкі өнім жеті пайызға төмендеуі мүмкін екенін ескертті. Аталған  қор сарапшыларының айтуынша, алдағы бірнеше жылда үш мыңнан астам жаңа сауда шектеулері пайда болады. Сонымен қатар, көптеген елдер доллармен емес, алтынмен инвестиция салуға бейім және бұдан былай долларды бұрынғыдай сенімді қаржы құралы ретінде санамайды. Алтын құнын жоймайтындықтан қауіпсіз және бейтарап актив ретінде алға шығады, санкциялар мен түрлі шектеулерден құнын жоғалтпайды.

0 пікір
Мұрағат