Қытай «бір отбасы – бір бала» саясатынан түбегейлі бас тартпақ
Қытай «бір отбасы – бір бала» саясатынан түбегейлі бас тартпақ
3 жыл бұрын 6017 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі халық санының өсуіне мүдделі әрі осы мүдденің үддесін шығу үшін ел тұрғындарының қарасын көбейтуді көздеп отыр. Алдағы бес жылдық жоспар аясында. Осылайша ел экономикасына салмақ салатындықтан халық сананың өсуін тежеу үшін талай жылға созылған «Бір отбасы – бір бала» шектеу шарасынан біржола бас тартады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Демографиялық ахуалды реттеу үшін, дәлірегі, туу көрсеткішін көтеру мақсатында Қытай билігі қаржылық әрі саяси тұрғыдан ауқымды қолдау көрсетпек. 2021-2025 бес жылдық жоспар аясында. Осылайша аталған ел экономикасына серпін беру мақсатында жұмысшы күшінің сапасын жақсарту, халық құрылымын арттыру бағытында инклюзивті демографиялық саясатқа көшеді. Қытай халқы қауымдастығының вице-президенті Юань Синь демографиялық өзгерістерге бастайтын, билік тарапынан қабылданған шешімді осылайша тарқатып түсіндіріп берді. Қытайда «бір отбасы – бір бала» саясаты 1978 жылы қолданысқа енгізілді. Экономиканы көтеру әрі кедейлікті азайту мақсатында. 2016 жылы Қытай билігі бұл шектеуді біртіндеп алып тастау мақсатында бір отбасында екі бала тууға дейін рұқсат етті. Осылайша қартаю процесінен азайып бара жатқан жұмысшы күшінің орнын толтыруды мақсат етті. Алайда, Қытай билігінің осынау шешіміне қарамастан өткен жылы туу көрсеткіші төменгі деңгейге жетті – 1000 адамға шаққанда 10,48 баладан айналды. Ал жасы 60-тан асқан қарттар қарасы 254 млн адамнан асып барады. Бұл ел тұрғындарының жалпы санына шаққанда 18,1 пайызына тең. Қартаю процесі ел қазынасына орасан зор салмақ салады – қарттарды күту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, емдеу, т.б. шығындар көбейеді. Керісінше жұмысқа қабілетті жастағы азаматтар азайып келеді. Қытай демографтары елдегі қарттар қарасы 2025 жылға қарай 300 млн адамға жететінін алға тартып отыр. Осылайша елдегі денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қамсыздандыру саласына орасан салмақ салады. Ал елдегі еңбекке жарамды азаматтар саны 2050 жылға қарай 200 млн адамға дейін азаймақ. Халықтың қартаю процесімен белсене күресу үшін отбасын жоспарлау саясатын реформалауды дереу қолға алу керектігіне тоқталып отыр Қытайдың әлеуметтік ғылым академиясының сарапшысы Чжэн Бингвэнь. Болжам бойынша Қытай «халқы көп мемлекет» деген мәртебесінен он жылдан соң айырылады.

0 пікір
Мұрағат