Интернетті пайдаланғың келсе, Құранға қолыңды қойып ант беруің керек
Интернетті пайдаланғың келсе, Құранға қолыңды қойып ант беруің керек
3 жыл бұрын 1492 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркіменстанда фейсбук, ютуб, твиттер мен өзге де әйгілі әлеуметтік желілер және күллі әлем пайдаланатын танымал сервистер бұғатталды. Аталған орта азиялық елде VPN-ді пайдалануға заңмен тыйым салынбаған, алайда, үйіне интернет қосқысы келетіндерге қасиетті Құранмен ант беруге мәжбүрлеп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы «Радио Азатлык» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Интернет, соның ішінде әлеуметтік желілер – тек ақпарат алмасу құралы ғана емес, сонымен қатар, авторитарлы елдердегі демократиялық құндылықтың ұшқыны сақталған бірден-бір платформа. Сол себепті, әлеуметтік және экономикалық саяси реформаны жүргізе алмаған авторитарлы елде халықтың үнін тұншықтыру үшін сөз бостандығына, соның ішінде ел билігін сынауға қатаң шектеу қойып, әлеуметтік желілер бұғатталып жатады. Түркіменстанда антты жергілікті «Түркіментелеком» филиалына бақылау орнататын ұлттыұ қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері қабылдайды. Түркімендер арасында елдегі сын көтермейтін әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты шетелден нәпақасын тауып жүрген еңбек мигранттарының қарасы көп. Олардың отбасы жат жерде жүрген туысқанымен интернет арқылы байланысып, хабар-ошарын алып тұрады. Түркіменстан билігі өз билігін сақтап қалу үшін, соның ішінде халық толқуына жол бермесі үшін исі мұсылманның ең қасиетті кітабын пайдалануға дейін барып отыр. Бұдан бөлек, күштік құрылымдары өз ақшасына VPN-сервисін орнатқысы келетін азаматтар мен оларға қызмет көрсететін мастерлерді тұтқындаған болатын. Түркіменстан интернет еркіндігі бойынша рейтингте Иран, Қытай, Солтүстік Корея және Сирия секілді елдермен қатар соңғы орында тұр. Аталған елде 2014 жылдың соңына таман «Интернет пен интернет арқылы қызмет көрсету желілерін дамытуды құқықтық тұрғыдан реттеу туралы» заң қабылданғанымен аталмыш заң бірнеше рет түзеліп, күзеліп, биліктің қалауына қарай «өңделген» болатын. Дәлірегі, 2017, 2019 және 2020 жылдары аталмыш заңға түзетулер мен өзгертулер енгізілген екен. 

0 пікір
Мұрағат