Жаһандық жылыну инвесторлардың жоспарын өзгертеді
Жаһандық жылыну инвесторлардың жоспарын өзгертеді
3 жыл бұрын 1282 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну мен оның салдары болып табылатын климат өзгерісі инвесторлардың жоспарын өзгертеді. Әлемге әйгілі Bloomberg іскерлік ақпарат агенттігі Біріккен Ұлттар Ұйымының адамзаттың қоршаған ортаға тигізген әсері туралы баяндамасынан кейін қаржыгерлер мен инвестициялық сарапшылар арасында сауалнама жүргізіп, оның нәтижесі бойынша осындай қорытындыға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Климат өзгерісі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (Intergovernmental Panel on Climate Change (IPCC)) есебі өз кезегінде әлемдік экономиканың бойына қан жүгіртуде маңызды рөл ойнайтын инвесторларға бағдаршам секілді бағдар беретін құжатқа айналмақ – инвесторлар ендігі жерде қоршаған ортаға зияны жоқ жасыл экономикаға басымдық беруі мүмкін. Компаниялар климат өзгерісіне байланысты өзінің орта және ұзақ мерзімді стратегиялық шешімдерін өзгертіп, жаһандық жылынуға қарсы жобаларға қаржы құюы мүмкін. Яғни, бұдан былай тек қазба байлықтарына ғана қаржы салмай, жасыл экономикаға бет бұратынын болжап отыр сарапшылар. Өйткені, инвесторлар қаржысының пайда әкелуі үшін климат өзгерісіне байланысты жалпы ішкі өнімі төмендейтін салаларға, соның ішінде ең алдымен ауыл шаруашылығына қатысты жобаларға жоламауға тырысады, бұл өз кезегінде онсыз да жаһандық жылынуға мен оның салдарынан (құрғақшылық, тасқын сел, т.б.) онсыз да күйі қашқан әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Есесіне инвесторлар қоршаған ортаға залалы аз немесе жоқ инновациялық жобаларға, соның ішінде тағам өнеркәсібінде эиянсыз жобаларға (мәселен, құрғақшылыққа төзімді, климат өзгерісіне бейім азық түрлерін өндіру) қаржы құятын болады.

0 пікір
Мұрағат