Қырғыздар қауіпті пестицидке толық тыйым салды
Қырғыздар қауіпті пестицидке толық  тыйым салды
20 күн бұрын 671 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстанда экологияны жақсарту мен халықтың денсаулығын ойлауда маңызды қадам жасады. Дәлірегі, қауіпті пестицидті пайдаланудан толық бас  артып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы agronews.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің өсімдіктерді химиялау, қорғау және карантин департаменті 2025 жылдың маусым айының 18і күні паракват дихлориді негізінде әзірленген пестицидті тек ауыл шаруашылығында ғана емес, сонымен қатар, ел аумағында өндіруге, қолдануға, таратуға, сақтауға, пайдалануға толық тыйым салу қарастырылған нұсқаулығы жарық көрді. Уыттылығы жоғары паракват дихлориді қатерлі ісіктен бастап, жүйке жүйесінің ауруларына бастайтын химиялық зат. Әсіресе, балаларға қауіп төндіреді. Бір шай қасығының өзі адамды сеспей қатырады. Аталған химиялық зат адамның бүйрегі мен бауырына зақым келтіреді. Арамшөпті жоюдағы тиімділігіне қарамастан ағашқа зиянын тигізбейді. Қырғыз билігінің мұндай қадамға баруына Еуропалық одақтың паракват дихлоридін пайдалануға қатысты лицензиясын кері қайтарып алғаны да ықпал етті. Осы шешімнің нәтижесінде ЕО-да улану мен өлім-жітім едәуір төмендеген. Паракват дихлоридін пайдалануға салынған тыйым Қырғыз республикасының «Өсімдіктерді химияландыру және қорғау туралы» заңына және 2013 жылғы шілдедегі № 390 қаулысына сәйкес келеді. Бұл шаралар тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын химикаттардың терiс әсерiнен қорғау жөнiндегi неғұрлым кең стратегияның бiр бөлiгi.

0 пікір
Мұрағат