|
Қарттар үшін жұмыс орындары ашылады
|
Оңтүстік Корея билігі тұрмысы төмен қарттарды жұмыспен қамту жобасын қолға алып жатыр. Бұл жайында Yonhap News ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, 2022 жылға дейін елде 800 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Қариялар үшін. Осы жылдың өзінде аталған ел аумағында жасы егде тартқан ел азаматтары үшін мемлекеттік секторда 30 мың, ал әлеуметтік салада 200 мың жұмыс орны ашылған. Таңғы шық елінің билігі, сонымен қатар, 2020 жылы табысы төмен (жылына 25 млн воннан, яғни, 21 мың доллардан кем) ел тұрғындарына көмек көрсетпек. Бұдан бөлек, 2019 жылдың екінші жартысында ел азаматтарының еңбек демалысына төленетін ақыдан салық алмауға бел буып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)