|
Қарттар үйінен үш зейнеткерді асырап алды
|
Башқұртстанда бір отбасы үш зейнеткерді асырап алды. Ұған Ресей Федерациясының қарт адамдарды қамқорлыққа алуға қатысты жаңа заңы мүмкіндік берген. Бұл жайында islam.kz порталы RT ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Альфир мен Светлана есімді ерлі-зайыптылар балалары өсіп, өз жолдарымен кеткен. Көпшіл отбасы бұл олқылықтың орнын толтыру үшін қарттар үйінен зейнеткерлерді асырап алған. Светлана олардың тұрмыстық қажетін өтеумен әрі денсаулықтарын күтумен айналысады. Зейнеткерлер соғыс уақытында дүниеге келгендер. Светлана аз уақыт ішінде қарттарға бауыр басып қалғанын, оларды ата-анасындай көретінін жеткізді. Асырап алынған зейнеткерлер де бұл отбасына ризашылығын білдіріп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін