"Қарғыс атқыр" телефоннан құтылмақ болған еврейлердің әрекеті сәтсіз аяқталды (видео)
"Қарғыс атқыр" телефоннан құтылмақ болған еврейлердің әрекеті сәтсіз аяқталды (видео)
6 жыл бұрын 5782 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Лондон мегаполисінің солтүстігінде еврейлер қауымы өздерінің Лаг ба-Омер деп аталатын діни рәсімін өткізген болатын. Олар каббаланың негізін қалаушы Шимон бар Иохайдың құрметіне от алаулатып, мерекелерін бастап кеп жібереді. Yeshiva World мерзімді басылым тілшісі хабарлағандай, бұл шарада сөз алған жергілікті реббе смартфондардың қауіптілігі жөнінде айтып, жиналған топты қалта телефондарын отқа тастауға шақырады. Ол бұған жиналғандарды үндеп қана қоймай, өзі бастап үлгі көрсетіп қалта телефонын лаулап жанып жатқан отқа атып ұрады. Өзгелері де қалыспай, қалта телефондарын отқа лақтырады. Шыжықтың көкесі осы арадан басталады: смартфондар жарылып, бұл төтенше жағдайдан ұзын саны 30-ға тарта адам зардап шегеді. Ауыр жарақат алған он адам емхана төсегіне таңылды. 

 

0 пікір
Мұрағат