|
Қалай киінуді мемлекет шешеді
|
Тәжікстанның мәдениет министрлігі ел аумағындағы қыз-келіншектердің күнделікті әрі мерекелік киімдеріне қатысты нұсқаулық кітапшасын шығарды. 300 данамен ғана (ол кміге жетсін). Яғни, жасы жетпіске дейінгі әйелдер киетін киім үлгілері қамтылған. Бұл нұсқаулықтың кей бөлімдері киюге кеңес берілмейтін киімдерге арналған. Атап айтқанда, шымқай қара көйлек пен басқа тартатын орамал, ашық-шашық киінуге, нақтырақ айтқанда, шолақ белдемше, адамның тәні көрінетін тым жұқа матадан тігілген киімдер, т.б. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда галошпен немесе сүйретпемен, үй киімімен, адамның дене мүсінін шығаратын тар киімдермен, денсаулыққа зиянды синтетикалық матадан тігілген киімдермен жүруге тыйым салынған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Адамды жасырын бақылайтын желі аталды
■
Иран жыл басынан бері кем дегенде 900 адамды өлім жазасын кесіп, рекорд орнатты
■
Үндістанда сиыр зәрін қолдан жасайтын алаяқтармен күрес күшейтілді
■
Жұмыссыздарға енді бос жұмыс орындары туралы ақпарат келіп отыратын болады
■
Алматыда алғаш рет сауда орталығында кітап беру пункті ашылды