|
Қай мұсылман елінде полиция әйелдердің қарасы көп?
|
Қызық болғанда, атеистік қоғамның шекпенінен шыққан бұрынғы КСРО құрамындағы мұсылман елдерінде емес, патриархалдық тәртіп үстемдік еткен, консервативтік араб елдерінде, дәлірегі, Біріккен Араб Әмірліктерінде мұсылман әйелдердің қарасы көп болып шықты ер-азаматтарға тән кәсіпте, яғни, полиция қатарында жұмыс істейтін. Нақтырақ айтқанда, аталған ел аумағында 15 мыңдай әйел полицияда жұмыс істейді. Араб әйелдерінің қоғам тыныштығын сақтауға, тәртібін қадағалауға жұмылауын, былайша айтқанда, ер-азаматтарға қол болатын мазасыз қызмет түрін неліктен таңдап отырғанын сарапшылардың өздері түсіндіріп бере алмай отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды