Пұтқа табынушыларға мешітте құлшылық етуге үкім шығарды
Пұтқа табынушыларға мешітте құлшылық етуге үкім шығарды
6 ай бұрын 2777 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үнді соты соқыр наным-сенімдегілерге Уттар-Прадеш штаты аумағындағы Баранас (Varanasi) мешітінің ішінде құлшылық етуге ресми рұқсат беретін қаулы қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Guardian ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жергілікті мұсылман жамағаты тарихи мешітке үнді радикалдары таласуы мүмкін, деп қауіптеніп отыр. Қиануап мешіті Әурензеп есімді моғол билеушісі тұсында – 17-ші ғасырда салынған. 2021 жылдан бері мешітке қатысты үнді радикалдары тарапынан ондаған шағым түскен екен – олардың айтуынша, аталмыш мешіт үнді пұтханасының орнына тұрғызылған. Тексеру кезінде мешіттен үнділердің Шива құдайының пұты, атап айтқанда, фаллик символы табылған-мыс, алайда, мешіт комитеті оны дәрет алу кезінде аяқ жууға арналған субұрқақтың сынығы, деп мәлімдеп отыр. Өткен аптада сот-медициналық археологиялық сараптама 17-ші ғасырда «қолданыстағы құрылысқа дейінгі үлкен индус ғибадатханасының» дәлелдерін тапқаны туралы есеп шығарды. Осыған сүйене отырып, Аллаабад жоғарғы соты үнділерге мешітте ғибадат ете алатыны туралы шешім шығарды.

Ұқсас материалдар:

«Үнді радикалдары тағы бір тарихи мешітті «заңмен қудалауға» көшті» (https://islam.kz/kk/news/alem/undi-radikaldary-tagy-bir-tarihi-meshitti-zanmen-qudalauga-koshti-18993/#gsc.tab=0);

«Үнді радикалдары жермен-жексен еткен тарихи мешіттің орнына пұтхана тұрғызылатын болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/undi-radikaldary-jermen-jeksen-etken-tarihi-meshittin-ornyna-puthana-turgyzylatyn-boldy-19175/#gsc.tab=0);

«Мешіттерді қиратып, орнына пұтхана салып жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/meshitterdi-qiratyp-ornyna-puthana-salyp-jatyr-video-12705/#gsc.tab=0);

«Үнді ұлтшылдары ислам құндылықтарын жоққа шығару үшін ел тарихын қайта жазуға талпынуда» (https://islam.kz/kk/news/alem/undi-ultshyldary-islam-qundylyqtaryn-joqqa-shygaru-ushin-el-tarihyn-qaita-jazuga-talpynuda-17597/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат