Мұсылман христиан елінің президенті болып қайта сайланды
Мұсылман христиан елінің президенті болып қайта сайланды
6 ай бұрын 1563 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Салвадордың қазіргі президенті Найыб Букеле дүйсенбі күні сайлауда жеңіске жеткенін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Известия» мерзімді басылымына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ел басшысын халықтың 80 пайыздан астамы қолдаған. Дауыстарды алдын ала санаудан кейін Найыб Букеле өз жақтастарын Салвадордың ұлттық сарайының алдында жинап, арнайы мәлімдеме жасады. «Біздің мәліметіміз бойынша біз президенттік сайлауда 85 пайыздан астам дауыс пен ассамблеяның 60 депутатының кемінде 58-нің қолдауына ие болып, жеңіске жеттік», - деді президент X әлеуметтік желісіндегі жолдауында. Найыб Букеле (Нәжіп Әбу Кейле) мұсылман. Оның әкесі Армандо (Ахмет) Букеле Каттанның тегі палестиналық араб. Имам әрі кәсіпкер болып, елдің саяси өміріне белсене араласты. Найыб Букеленің мемлекет басшысы ретіндегі жетістіктерінің біріне сарапшылар қылмыстың азаюын жатқызған: ол билікке келгенге дейін 100 000 халыққа шаққанда зорлық-зомбылықтан қайтыс болғандар саны 103 (2015 ж.) болса, Найыб Букеленің қауіпсіздік саласындағы тегеурінді реформаларынан кейін кісі қолынан қаза табатындар саны 100 000 халыққа шаққанда 19-ға дейін төмендеген (2021 ж.).

0 пікір
Мұрағат