Үнді радикалдары тағы бір тарихи мешітті «заңмен қудалауға» көшті
Үнді радикалдары тағы бір тарихи мешітті «заңмен қудалауға» көшті
12 ай бұрын 765 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Уттар-Прадеш штатының (Үндістан) жоғарғы соты Гиануәлі тарихи мешітінің үнді пұтханасының орнына салынған деген желеумен ғылыми зерттеу жүргізетін нысанға айналдыратын қаулы қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al Jazeera арнасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Уаранасидегі жергілікті мұсылмандардың аталған құлшылық үйі осылайша үнді радикалдары тарапынан «заңмен қудаланатын» нысанға айналып шыға келді. Үнді радикалдарының мәлімдеуінше, Гиануәлі мешіті үнді пұтханасының орнына салынған. Үнділер қасиетті санайтын Уаранаси қаласында археологиялық қазба жұмыстары кезінде сарапшылар Шиуа құдайына байланысты жәдігерлерді тауып, 5 жергілікті индус әйел мешіт аумағында пұтқа табыну рәсімдерін жасауға рұқсат беруді талап етіп сотқа жүгінген. Осыған байланысты Аллаабадтың жоғарғы соты Үндістанның археологиялық қоғамына аталған мешітте зерттеу жүргізіп, мұсылмандардың осынау ғибадат ғимаратының болашақ тағдырын анықтауға пәрмен берді. Жергілікті мұсылмандар соттың бұл шешіміне наразылық танытып отыр, олардың айтуынша, зерттеу жұмыстары мешіттің бірегей сәулеті мен сәніне сызат түсіреді, дәлірегі, зақым келтіреді.

Ұқсас материалдар:

«Мешіттерді қиратып, орнына пұтхана салып жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/meshitterdi-qiratyp-ornyna-puthana-salyp-jatyr-video-12705/#gsc.tab=0);

«Үнді ұлтшылдары ислам құндылықтарын жоққа шығару үшін ел тарихын қайта жазуға талпынуда» (https://islam.kz/kk/news/alem/undi-ultshyldary-islam-qundylyqtaryn-joqqa-shygaru-ushin-el-tarihyn-qaita-jazuga-talpynuda-17597/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат