Үнді ұлтшылдары ислам құндылықтарын жоққа шығару үшін ел тарихын қайта жазуға талпынуда
Үнді ұлтшылдары ислам құндылықтарын жоққа шығару үшін ел тарихын қайта жазуға талпынуда
2 жыл бұрын 1604 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үнді ұлтшылдары соңғы айларда ислам құндылықтарын жоққа шығару үшін ел тарихын қайта жазуға қыруар қаражат жұмсауда. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Уттар-Прадеш штатындағы 800 жылдық тарихы бар Шәмсі Жама мешіті де шолақ белсенділердің кесірінен пұтханаға айналу қаупі бар. В.П. Сингх және Б.П. Сингх есімді заңгерлер аталған мешіттің кезінде үнді ғибадатханасы болған, деп мәлімдеді. Аталған мұсылмандардың құлшылық үйі мұсылман билеушісі Шамсуддин Елтұтмыштың пәрменімен 1223 жылы салынған. Бұл – тарихи факті. Соған қарамастан осы жылдың шілде айында Сингх қорғаушысы жергілікті үнді фермерінің атынан 10-шы ғасырда бұл орын үнді ғибадатханасы болғаны турасында шағым түсірген. Алайда, Әнуар Әлем есімді аталған мешіт заңгері үнді белсенділерінің бұл әрекетінің құқықтық негізі жоғын алға тартып отыр. Тіпті, дәлел ретінде мұсылмандар мешіт күмбезінің ішіндегі Құран аятының каллиграфиялық жазуын нұсқағанымен үнді белсенділері оның араб жазуының өрнегі емес, лотос гүлі екенін айтып, қисынсыз пікірден танбай отыр. Осы жылдың мамыр айында билік басындағы ​​ Бхаратия Джаната ұлтшыл партиясының жоғары лауазымды қызметкері мұсылман билеушілері 36 мыңнан астам индуизм храмдарын қиратып, олардың орнына мешіттер салғанын айтып, мәлімдеме жасаған еді, алайда, Аризона университетінің үнді тарихының профессоры Ричард Итон моғолдар жиырмадан астам ғибадатхананы бұзғанын алға тартып отыр; ал қалғаны Үндістандағы билеуші ​​партияның ойдан шығарылған саяси насихаты үшін айтылған жалған мәлімдеме.

0 пікір
Мұрағат