Пірәдар жамағатын ақырзаманды күткеннен бұрын алдымен өз ақыретін ойлауға шақырды
Пірәдар жамағатын ақырзаманды күткеннен бұрын алдымен өз ақыретін ойлауға шақырды
4 жыл бұрын 3810 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Мәскеу және күллі Ресей патриархы Кирилл жұма күні Соловецкий монастырындегі Әулие Үштік ғибадатханасында өткен құлшылық кезінде жамағатына ой саларлық уағыз айтты. Сонда не дейді пірәдар? Ол бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында да ара-тұра айтылып қалатын «ақырзаман жақын қалды», «бәлен жылы, бәлен күнде» ақырзаман орнайды деген желдей ескен қауесеттің белең алуына байланысты дүрмекке ілескен, дақпырты басым тобырлық санадан жоғары тұруға шақырды. Бұл жайында Ресей православ шіркеуі мәлім етті. Әлбетте, ол ақырзамманның болатынын жоққа шығарып отырған жоқ. Евангелиядан үзінді келтіре отырып, ақырзаманның түбі бір орнайтынын мәлімдей келе адамға ең алдымен ақырзаманнан бұрын өз ажалы жақын екенін айтып, ақыретін ойлауға үндеді. Пірәдар айтпақшы, адамның ақырзаманы – ажалы. Осылай дей келе ол пәниден арттырып алып кететін сенімі ғаламдық апат аяқталғанда емес, жүрек деп аталатын ағза тоқтағанда маңызды екенін еске тағы бір салып өтті.

0 пікір
Мұрағат