|
Пәтуа шығару ісін мемлекет өз бақылауына алмақ
|
Жуырда Мысыр парламенті пәтуа шығару ісін мемлекеттің бақылауына алуына мүмкіндік беретін заң жобасын қарастырады. Мысыр билігінің мұндай қадамға баруына интернетте отырып алып, оңды-солы пәтуа шығаратын біліктілігі күмәнді тұлғалардың көбейіп кеткендігі себеп болған. Әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің жоғарғы имамы шейх Ахмет ат-Тайып мұндай бір қайнауы ішінде шикі пәтуалардың шариғатты бұрмалап көрсету арқылы халықты адастыратынын жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш заң жобасы экстремистік идеологияның таралуына да тосқауыл қоймақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады
■
ДНҚ-ны онкологиялық мутациялардан қорғаудың жасырын тетігі табылды