Өткен жылы қанша адамның өлім жазасына кесілгені белгілі болды
Өткен жылы қанша адамның өлім жазасына кесілгені белгілі болды
12 ай бұрын 1064 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Amnesty International («Халықаралық рақымшылық») деп аталатын халықаралық құқық қорғау ұйымы әлемдегі өлім жазасына қатысты есебін жариялады. Аталмыш ұйымның келтірген дерегіне қарағанда, 2022 жылы 883 адам өлім жазасына кесілген. Бұл жайында islam.kz порталы forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл есепке өлім жазасына қатыcты дерек құпия ұсталатын Қытайдағы өлім жазасына кесілгендер статистикасы кірмеген. Десе де аталған ұйымның мәлімдеуінше, Қытай өлім жазасына бойынша әлемде к-ш бастап тұр. Өлім жазасын қолданудан Саудия антирекорд орнатқан: 1 күнде 81 адамға өлім жазасы орындалған. Иранда бұл тараптағы көрсеткіш – 1 жылда 576 адам; Саудияда – 1 жылда 196 адам; Мысырда – 24 адам; АҚШ-та – 18 адам. Бұл аталған мемлекеттерден бөлек, Вьетнамда және Солтүстік Кореяда өлім жазасы қолданылады, алайда, бұл елдерде де өлім жазасына қатысты мәлімет құпия ұсталады. Өлім жазасына кесілгендер арасында саяси себептерден бөлек, есірткі саудасымен қолға түскендер қарасы көп. Мәселен, Сингапурде есірткі айналымы бойыша 11 адамға өлім жазасы қолданылған.

0 пікір
Мұрағат