|
Осы заманғы технология «цифрлы авторитаризмге» ұрындырады
|
Осы заманғы технология дамыған сайын адамдар тәулік бойы қадағаланатын болады. Бұл жайт өз кезегінде «цифрлы авторитаризмге» жол ашады. Бұл жайында Ұлыбританияның таяуда сайланған премьер-министрі Борис Джонсон Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында мәлімдеді. Британ басшысының айтуынша, бұған ұрынбау үшін батыс елдеріндегі ашықтық пен плюрализм принциптерін басшылыққа ала отырып, жаңа технология ойлап табу керек. «Біз қазірдің өзінде әр алуан мессенджерді пайдаланамыз. Аталмыш технология нақты уақыт аралығында кез келген сұхбатта цензура үшін пайдаланылып жатыр – билікке тиімсіз сөздер автоматты түрде жойылып отырады»,- деді ол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)