Өсімдіктерге де зауал келді
Өсімдіктерге де зауал келді
21 күн бұрын 653 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өсімдіктердің бестен екісі жойылу алдында тұр. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 

42 елден жасақталған 200 ғалымнан тұратын халықаралық топ өсімдіктер әлемін зерттей келе әлемдегі өсімдіктердің бестен екі бөлігі жойылу алдында тұрғанын айтып, дабыл қақты. Ғалымдардың айтуынша, тіпті, жойылу алдында тұрған өсімдіктердің кей түрлері әлі ғылымға да, адамзатқа да белгісіз – беймәлім болып жойылып кетпек.

Ұлыбританиядағы королдік ботаникалық бақтың ғылыми директоры, профессор Александр Антонелли беймәлім өсімдіктердің белгісіз күйінде жойылуының қандай қатері барын алға тартты. Оның айтуынша, бұл мәселеде уақыттан ұтылуға болмайды, өйткені, медицина мен тіпті, осы күнгі және келешектегі пандемияның шешімін табуға көмектесетін аса маңызды құпияларды өзімен бірге ала кетеді. Бұған қоса, өсімдіктердің тек шағын бөлігі ғана азық-түлік әрі дәрі-дәрмек, биологиялық отын ретінде пайдаданылып жатыр. Қалғаны әлі толық зерделенген емес. Олардың әлеуеті сол күйі пайдаланыламай жоғалмақ.

Ғалымдар келтірген дерекке қарағанда, азық ретінде тұтынуға жарайтын 7000-нан аса өсімдік түрі болашақта да астық ретінде маңызын жоймақ емес. 2500-ге тарта өсімдік түрі әлемде миллиондаған адамды энергиямен қамтамасыз ете алады, алайда, қазіргі уақытта өсімдіктердің саусақпен санарлық бөлігі ғана, атап айтқанда, жүгері, қант қамысы, соя, пальма майы, рапс, бидай биоотын ретінде пайдаланылуда.

Аталмыш зерттеуге атсалысқан Колин Клабб есімді доктордың сөзіне сенсек, бүгінгі таңда медицина саласында пайдаланылатын өсімдіктің 723 түрі жойылу алдында тұр. Тек өткен жылдың өзінде ғана 1942 өсімдік пен 1886 саңырауқұлақ түрі ғылымға белгілі болған. Олардың арасында азық, дәрі, сусын ретінде бағалы түрлері бар. 

0 пікір
Мұрағат