|
Ораза айттың құрметіне 575 жазасын өтеушіге рақымшылық жасалды
|
Өзбекстан президенті Шабқат Мірзей Ораза айттың құрметіне темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқандардан 575 тұтқынға рақмышылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жайында ала тақиялы ағайындардың UzNews.uz ақпарат көзі мемлекет басшысының әкімшілігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ораза айттың құрметіне рақымшылық жасалғандардың 361-і жазадан толық құтылып, отбасына оралады. Ал 214 тұтқынның жазасын өтеу мерзімі қысқарған. Ораза айттың құрметіне рақымшылық жасалғандар арасында жасы алпыстан асып кеткен жеті адам, алты әйел және бір шетелдік бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады
■
ДНҚ-ны онкологиялық мутациялардан қорғаудың жасырын тетігі табылды