Орамжапырақты биопластикке айналдырудың жолы табылды
Орамжапырақты биопластикке айналдырудың жолы табылды
8 күн бұрын 394 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік Кимчи институтының оңтүстік кореялық ғалымдары орамжапырақ пен басқа да көкөністердің қалдықтарынан, соның ішінде ашытылған қырыққабат өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Agricultural and Food Chemistry (JAFC) ғылыми, мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кәріс ғалымдарының есебі бойынша жыл сайын әлемде қырыққабаттың 72 миллион тонна, түрлі сорттары өсіріледі және оның 30% -дан астамы ақыр соңында ысырап болады. Сарапшылар биорефакторингке негізделген бұл шикізатты қайта өңдеу әдісін жасады, оның барысында өсімдік заттары биологиялық ыдырайтын пластикке айналады. Биорефакторинг – микроорганизмдердің қолданыстағы сипаттамаларынан ерекшеленетін жаңа функцияларды дарыту үшін оның конструкциясын өзгерту технологиясы. Зерттеу тобы қырыққабат қалдықтарынан алынған алма қышқылын полигидроксиалканоат (PHA) өндірісін арттыру үшін пайдалануға болатынын анықтады. PHA – микробтық ашыту арқылы алынатын табиғи, биологиялық ыдырайтын материал. Сарапшылардың пікірінше, аталмыш технология ауыл шаруашылығы және азық-түлік қалдықтарының түрлеріне қолданылуы мүмкін, бұл процесс оларды кәдеге жарату шығындарын азайтады.

0 пікір
Мұрағат