|
Оқ астында жараланған жолдасын тастамады (видео)
|
Directorate 4 Telegram-арнасы Йеменде жүріп жатқан ұрыс кезінде жараланған майдандас жолдасын жанын шүберекке түйіп жүріп, қарша бораған оқ астында иығына асып әкетіп бара жатқан бүлікші туралы видеоны жариялаған екен. Тарқатып айтқанда, "Аллаһ ансары" деп аталатын шииттік қозғалыс жағында соғысып жүрген бүліекшілердің бірі жараланып қалғанымен жанындағы жолдасы басының амандығын ойлап тастап кеткен жоқ. Жауың болса да оның ерлігіне басыңды иесің. Бұл оқиға әл-Жауф провинциясында болған. Кезінде заңды билікке, дәлірегі, ел президенті Әбдіраб Мансұр Хадидің билігін мойындамай, қолдарына қару алып, қарсы шыққан хусит тайпасының адамдары. Жолдасын құтқаруға күш салған бүлікшінің өзі аман қалды ма, ол жағы белгісіз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды