Опасыз тірліктен қайнар көзге оралу: түріктер нұсқасы (видео)
Опасыз тірліктен қайнар көзге оралу: түріктер нұсқасы (видео)
4 жыл бұрын 3191 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Стамбұл шаһарында, XIX ғасырдың соңында салынған Осман қағанатындағы тұңғыш сыра ашытатын зауытты сүру жұмыстары толық қарқынмен жүріп жатыр. Соңғы жиырма жыл бойы тарихи ғимарат ретінде шағын саяхаттың, яғни, экскурсияның обьектісіне айналған Шишли ауданына қарасты сыра зауыты Түркия мүфтиятының (Диянет) еншісіне берілген болатын. Осылайша бұрынғы сыра зауытының орнына сәулеті мен инфрақұрылымы осы заманғы талаптарға сай келетін, уақытпен үндесетін ислам орталығының кешені салынатын болады. Осылайша таяуда ғана Айя-Софияны музейден мешітке айналдырған түріктер дәстүрлі құндылықтарын жаңғырту үшін заман үрдісі деген желеумен қолға алынған опа бермейтін құндылықтардан біртіндеп арылып, оларды тарих еншісіне қалдырып, әу бастағы тұмса табиғатына оралатын қадамдарға барып жатыр. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

 

 

0 пікір
Мұрағат