Оман тарихында тақ мұрагерлігінің жүйесі өзгерді - алғашқы тақ мұрагері тағайындалды
Оман тарихында тақ мұрагерлігінің жүйесі өзгерді - алғашқы тақ мұрагері тағайындалды
3 күн бұрын 429 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Оман билігі тақ мұрагерлігінің жүйесі өзгергенін жариялады. Бұл жайт аталған ел тарихында тұңғыш рет орын алып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam-today.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы өзгеріске байланысты бұдан былай елдің тағдырына жауапты тұлға – сұлтан қаза болған жағдайда билік тізгіні автоматты түрде тұңғыш ұлдың қолына тиеді. Тиісті жарлыққа Оман сұлтаны Қейсам бен Тарық қолын қойды. Ендігі жерде жаңа ереже талаптарына орай тұңғыш ұл сұлтаннан бұрын қайтыс болса, тақ мұрагері болып оның ұлы, яғни, сұлтанның немересі тағайындалады. Егер сұлтанның ұлы болмаса, билікті оның жасы үлкен бауырларының бірі (ағасы немесе інісі) қолына алады. Бауырлары болмаған жағдайда немесе бауырлары сұлтаннан бұрын дүние салса, билік бауырларының бірінің тұңғыш ұлына тиеді. Бұрынғы жүйе бойынша сұлтан дүниеден озған жағдайда сұлтандыққа үміткер тұлғаны билік тізгінін ұстаған адамның отбасы мемлекеттік кеңес жетекшісімен және Мәжіліс аш-Шура (парламенттің кеңесуші органы) спикерімен, сондай-ақ, жоғарғы сот төрағасымен ақылдаса отырып бекітетін. Осы ереже қолданысқа енген сәттен соң іле-шала Оман сұлтаны Қейсам бен Тарық ел тарихында тұңғыш рет тақ мұрагерін тағайындау жөніндегі жарлыққа қолын қойды. Жарлыққа сәйкес Оманның тақ мұрагері болып осы уақытқа дейін жастар ісі, мәдениет және спорт министрі болып қызмет атқарған сұлтанның үлкен ұлы Ди Иазан бен Қейсам бекітілді. Оман – басқару жүйесі монархиялық құрылымға негізделген, Араб түбегінде орын тепкен, Парсы шығанағындағы шағын ел.

Ди Язан бен Хейсам - первый наследный принц в истории Омана.

Оман тарихындағы алғашқы тақ мұрагері - Ди Иазан бен Қейсам

0 пікір
Мұрағат