Мяньма мұсылмандарының басына тағы қатер төнді
Мяньма мұсылмандарының басына тағы қатер төнді
9 жыл бұрын 5627

Мянmмадағы азшылықты құрайтын рохиньялық мұсылмандардың басына тағы қатер төнді. Соңғы аптада мыңдаған рохиyьялық мұсылман радикалды буддашылардың зорлық-зомбылығынан бас сауғалап, көрші елдерге ағылуда. «Бір аптаның ішінде біздің көз алдымызда 8000 рохиньялық мұсылман Ракхайн штатын тастап шықты. 2013 жылдаан бері айына орташа есеппен алғанда аталмыш аймақтан осынша адам босып кеткенін қоспағанда», - деп мәлімдеді «Arakan Project» атты жергілікті құқық қорғау ұйымының жетекшісі Крис Лева Anadolu Agency ақпарат көзіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, рохиньялық мұсылмандардың жаппай босып кетуіне мұсылмандарға көрсетіліп жатқан қысым түрткі болған. Олардың дені моторсыз қайықпен қашқандықтан Таиландтың немесе өзге көрші елдің жағалауына жетпей жатып, суға кетіп, қаза табуда. Рохиньялық мұсылмандардың буддашыл радикалдар тарапынан ғана емес, сонымен қатар, ел билігінің әпербақан саясатынан да ығыр болған.

0 пікір
Мұрағат