Мұсылмандар саны ең көп еуропалық елде хижабқа тыйым салынды
Мұсылмандар саны ең көп еуропалық елде хижабқа тыйым салынды
3 жыл бұрын 3439 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Халқының саны 65 млн-нан асатын Франция тұрғындарының шамамен 8,8%-ын мұсылмандар құрап отыр – 5,7 млн.  Еуропа бойынша мұсылмандар ең көп шоғырланған аталған елде жасы 18-ге толмаған мұсылмандарға қоғамдық орындарда хижаб киюге, ал қоғамдық хауыздарда буркини киюге тыйым салатын заң қабылданды. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Франция билігі кәмелет жасына толмағандарға ашық діни белгілері бар киім киюге салатынын мәлімдеп қоймай, мұсылман әйелдердің атрибутына айналған хижабты «әйел бағыныштылығының маркері» деп бағалап отыр. Десе де кәмелет жасынан асқан Франция мұсылмандарының қоғамдық орындарда шариғат шәлісін жамылып жүруіне рұқсат етілген. Еуропадағы беделді Amnesty International Europe құқық қорғау ұйымы Франция билігінің бұл қадамын айыптап, сынға алып отыр. Аталмыш құқық қорғау ұйымының мәлімдеуінше, Франция билігі француз халқының құқығы мен бостандығына қол сұғатын әрекетке барып отыр.

 

0 пікір
Мұрағат