Мұсылман елі тағам өнімдерін маркілеуде «светофорлық» жүйеге көшеді
Мұсылман елі тағам өнімдерін маркілеуде «светофорлық» жүйеге көшеді
5 жыл бұрын 3280 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен араб әмірлігі көп ұзамай тағам өнімдерін маркілеудің кейіннен пайда болған жаңа жүйесін енгізеді. Бұл шара өз кезегінде тұтынушағы өнімнің пайдалысын таңдауға мүмкіндік бермек. Бұл жайында аталған араб елінің азық-түлік қауіпсіздігіне жауапты министр Мәриям әл-Мхейри мәлім етті. «Біз тағам өнімдерін маркілеу саласындағы саясатты әзірледік әрі министрлер кабинетінен қолдау таптық. Негізінде ол светофор жүйесіне негізделген: нақты бір өнімдегі қант пен тұздың және майдың мөлшері қызыл, сары және жасыл түстермен көрсетіледі»,- деп мәлімдеді министр. Маркілеудің бұл жаңа түрі отандық тауарламен қоса импортталған шетелдік өнімдерге де қолданылатын болады. Мәриям әл-Мхейри осылай дей келе БАӘ билігінің денсаулыққа зиянды тағамдарды тұтыну деңгейін 2021 жылға дейін 15%-ға азайтуға ұмтылып отырғанын жеткізді. Өйткені, аталған елде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде ауру санатына жатқызған семіздік індетінен зардап шегіп отырған тұрғындар қарасы көп ел. Осынау шара арқылы тамақтану мәдениетін қалыптастыруды көздеп отыр. Естеріңізде болса, осыдан үш ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасынан жарық көрген «Сүнетті сақтамаудан бір ғана араб елі жігіттерінің 70%-ы бір ғана дерттен зардап шегеді» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/sunetti-saqtamaudan-bir-gana-arab-eli-jigitterinin-70-y-bir-gana-dertten-zardap-shegedi-12120/#gsc.tab=0) хабарымызда аталған елдегі жас жігіттердің арасында семіздік пен сусамырдан зардап шегетіндердің қарасы шектен шығып бара жатқаны турасында айтып өткенбіз.

0 пікір
Мұрағат