|
Мұнайын доллармен емес, юанмен саудалайтын елдер шықты
|
Венесуэла мұнай бағасын анықтауда доллардың орнына юанды пайдаланатын болады. Бұл жайында аталмыш мемлекет басшысы Николас Мадуро Telesur телеарнасының эфирінен мәлімдеді. Венесуэла билігі мұндай қадамға баруына АҚШ-тың санкция салуы түрткі болып отыр. Латын Америка құрлығында орын тепкен аталған ел экономикасын осылайша қорғауға бел буды. Айта кетейік, Николас Мадуро бұрындары әлемдік сауда-саттық пен қаржы айналымы үшін долларға балама, яғни, басқа валютаны ойлап табуға үндеген болатын. Әлем қауымдастығын. Тамыз айында Ақ үй Венесэлаға қарсы санкция салған еді. Атап айтқанда, америкалық компанияларға Венесуэла үкіметі мен мемлекеттік мұнай компаниясы айналымға шығарған құнды қағаздармен сауда жасауға қатаң тыйым салған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады