Монарх пәрмен берді...
Монарх пәрмен берді...
4 жыл бұрын 2207 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, алдыңғы күні сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Мекке мен Мәдинадағы қасиетті мешіттер Рамазан айында да жабық болады» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/mekke-men-madinadagy-qasietti-meshitter-ramazan-aiynda-da-jabyq-bolady-13487/#gsc.tab=0) жаңалыққа кереғар ақпараттар жарық көріп жатыр. Дәлірегі, бұл арада Саудия королі Салман бин Әбдіәзіздің қасиетті Рамазан айында Мекке мен Мәдинадағы киелі екі мешітте тарауық намазын оқуды мақұлдағаны турасындағы ақпарат жөнінде сөз болып отыр. Десе да қажыларға қасиетті Рамазан айында аталған екі мешітке кіруге тыйым салынғаны айтылған орыс тілінде хабар тарататын golosislama.com порталының Қасиетті екі мешіт істері жөніндегі басқарманың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарында. Осы орайда Саудияның мемлекеттік ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарламасында қасиетті Рамазан айында елдегі жұқпалы індетке байланысты енгізілген комменданттық сағаттың бірнеше қалада алып тасталуы мүмкін екені айтылған. Ал сәуір айының 20-ы күні аталмыш басқарма қасиетті Рамазан айының соңғы он күнінде итикафқа тыйым салынғанын мәлім еткен болатын. Қасиетті екі мешіт басқармасының жетекшісі Әбдірахман ас-Судайс аталған екі мешітте тарауық намазының қысқартылып оқытылатынын, дәлірегі, он рәкағаттан аспайтынын жеткізген еді.

0 пікір
Мұрағат