Мешелдердің саны азайып, салмағы кем балалар қарасы артып келеді
Мешелдердің саны азайып, салмағы кем балалар қарасы артып келеді
5 жыл бұрын 3237 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемді аштық жайлап барады: дәл қазіргі уақытта 820 млн адам аштыққа ұрынған және ашқұрсақ адамдардың қарасы жылдан жылға артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының жариялаған баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, Африка құрлығындағы аштық деңгейі 20%-ға жетіп қалған, ал Латын Америкасында және Кариб аймағында бұл көрсеткіш шамамен 7%-ды, Азия елдерінде 12%-ды құраған. Әлемді аштық жайлауының негізгі себептеріне жаһандық жылынудан пайда лолған климат өзгерісін, төтенше ауа райын (дауыл, құйын, құрғақшылық, тасқын-сел, т.б.), қарулы қақтығысты жатқызып жүр. Аштық, әсіресе, бай мен кедейлер табысының арасы алшақтаған, әлеуметтік теңсіздік тереңдеген, экономикалық өсімі баяулаған елдерде етек жайып келеді. Аштықтың кесірінен 2015 жылы әлем бойынша 20,5 млн бала салмағы кем болып туған. Сондай-ақ, соңғы алты жыл ішінде аштықтан бойы өспей қалудан зардап шеккен балалар қарасы 10%-ға азайған. Десе де күллі әлемде семіздік індетіне шалдыққан балалар қарасы артып келеді. Бұған дұрыс тамақтанбау, тағамның және азықтың сапасының нашарлығы себеп болуда. Аталмыш баяндамадағы мәліметке үңілсек, 1,3 млрд адам, яғни, адамзаттың 17%-нан көбісі толық тойыа тамақ ішу мүмкіндігінен айырылған. Олар аштықтан зардап шекпесе де ашқұрсақ өмір сүруге мәжбүр.

0 пікір
Мұрағат