Меккеде ұшқышсыз әуе таксиі сынақтан сәтті өтті (видео)
Меккеде ұшқышсыз әуе таксиі сынақтан сәтті өтті (видео)
1 ай бұрын 649 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы мен Қытай компаниясы исі мұсылман қастер тұтатын қасиетті Мекке қаласында алғашқы ұшқышсыз әуе таксиін сынақтан сәтті өткізді. Айрықша шараны осы заманғы озық технологияларды түрлі секторлармен біріктіруге маманданған саудиялық Front End компаниясы қытайлық автономды әуе көлігін құрастыратын EHang компаниясымен бірлесіп жүргізді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Drone Life ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұшқышсыз ұшатын такси сынағы қажылық кезінде сапардың жылдамдығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Екі жолаушыға арналған әуе таксиі көкке сәтті көтеріліп, қажетті қашықтықты жүріп өтіп, жерге қонды. Сынақ адам көп жиналмайтын жерлерде жүргізілді. Сауд Арабиясы азаматтық авиациясының бас басқармасының президенті Әбдіәзіз әл Дуалед ұшқышсыз ұшатын әуе такси сынағы елдің авиация саласына технологиялық инновациялар енгізудегі маңызды қадамы екенін мәлімдеді.

 

0 пікір
Мұрағат