Малайзиядағы аса ауқымды инфрақұрылымдық жоба
Малайзиядағы аса ауқымды инфрақұрылымдық жоба
4 жыл бұрын 1970 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Малайзияның оңтүстігінде орын тепкен Пинанг штатында болашақтың аралы салынады. Бұл аралдар бірыңғай ортақ атауға ие болады – BiodiverCity. Аталмыш жоба 2030 жылға қарай жүзеге асырылады. ArchDaily ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, аралдарда аталған мерзім аралығында жағажайлар, саябақтар, білім беру және ағарту орталықтары, ғылыми-зерттеу институттары ашылып, сондай-ақ, құрлық, су және әуе қатынасы жолға қойылады. Жалпы аумағы 18 млн шаршы метрді құрайтын BiodiverCity үш ірі аралдан тұрады. Маңынан оазис – қалқымалы үйлер мен террассалары бар архипелаг ашылады. BiodiverCity-дің аудандарын бір-бірімен жалғайтын «экологиялық дәліз» желісі де қарастырылған. Бес шақырымға дейін созылатын жағажай аралған келгендердің суға шомылуына қолайлы жағдай жасайтын болады. Барлық аумағы жаяу жүргіншілерге арналады. Оған қарамастан ішінара қоғамдық көлік жүйесі де болады. Аталмыш инфрақұрылымдық жобаны даттар мен малайлықтардың BIG, Hijjas және Ramboll сәулет бюросы сызады. Бұл өз кезегінде адамдардың өмір сүруіне қолайлы, барлық жағдай жасалған мультиүлгідегі қала ретінде алға шығады. Бұл шағын қала жобасында адамдардың өмір сүруіне қажетті әлеуметтік, экологиялық және экономикалық аспектілер басты назарға алынғанын алға тартып отыр даттардың BIG сәулет бюросының негізін қалаушысы әрі жетекшісі Бьярке Ингельс (Bjarke Ingels). Соңғы жылдары тұрақты даму даңғылына түсіп, елеулі жетістіктерге жеткен аталмыш мұсылман мемлекеті туризм индустриясына қарқын беру үшін де осындай жобаларға басымдық беріп келеді.

0 пікір
Мұрағат