|
Короновирустан өлген адамдар саны айтылды
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияға себеп болған тәжді тажал жұқпалы індетінен қанша адамның қайтыс болғаны жөніндегі дерегін жариялады. Дәлірегі, ДДҰ жетекшісі Адхан Гебрейесус COVID-19 вирусынан күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталған халықаралық ұйым келтірген мәліметке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де ДДҰ басшысы жұқпалы індеттен қаза тапқандар саны бұл көрсеткіштен үш есе көп болуы мүмкін екенін де ескертті. Осы орайда короновирустың жабайы жануардан адамға жұққанын немесе зертханадан тарағанын ғалымдар әлі күнге дейін анықтап, нақты бір тоқтамға келе алмағанын айта кетпекпіз.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды