|
Көпшіліктің сынына ұшыраған испандық матадор жауапқа тартылуы мүмкін (видео)
|
Ашық алаңда ашулы бұқамен өнер көрсететін танымал испандық матадор Франсиско Ордонестің қылығы көпшіліктің сынына ұшырады. Ол қызыл көрсе қаны қызатын бұқамен жаттығуға өзінің бес айлық қызын алып шыққан және мұны суретке түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан. Осыдан кейін көпшілік оны жауапсыздық танытты деп айыптады. Тіпті, іске Испания Денсаулық сақтау министрі мен Балалар құқығын қорғау ұйымы араласып, бүлдіршіннің өміріне қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауапқа тартуға шақырды. Алайда, атышулы матадор қызына ешқандай қауіп төнбегенін және істің атадан балаға жалғасқан дәстүр екенін айтып ақталды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді