|
Науқастың өмірден өз еркімен кетуіне көмектесуге тыйым салынды
|
«INTERFAX.RU» агенттігінің «Associated Press» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Франция парламенті сырқаты жанына батқан науқастың өмірден өз еркімен кетуіне дәрігерлердің көмектесуіне заң жүзінде тыйым салды. Осылайша пациенттердің өз ажалымен өлуіне мүмкіндік жасап отыр. Депутаттар қабылдаған аталмыш құжатта қарастырылған талаптарға сәйкес дәрігерлер бұдан былай ауыр дертке шалдыққан, емдеуге келмейтін пациенттің ем-домын тоқтатуға құқылы. Соның ішінде пациенттің өліп қалмауы үшін берілетін жасанды сұйықтық пен қорек беру көзінен ажырата алады. Дәрігерлерге науқасқа ауруды басатын укол салуына рұқсат етілген. Мейлі ол сырқаттың өмірін қысқартатын болса да.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді