|
Кедей отбасынан шыққан дарынды балаларға ерекше қамқорлық көрсететін болады
|
Өзбекстанда әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж отбасылардан шыққан дарынды балаларды қорғауға, қолдауға қатысты, яғни, материалдық әрі моралдық көмек көрсету тәртібі туралы қаулы қабылданып, бекітілді. Дәлірегі, тұрмыс деңгейі төмен отбасылардан шыққан дарынды балалардың білім алуына мемлекет тарапынан жағдай жасалады. Бұл жайында CA-NEWS ақпарат көзі хабар таратты. Аталған қаулыға сәйкес тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға жастар ісі жөніндегі аймақтық, ведомовствоаралық кеңес материалдық әрі моралдық қолдау көрсетеді. Өтініш жыл сайын маусым айының 1-не дейін қабылданады. Ал оларға өолдау көрсету туралы шешім маусым айының 30-на дейін қабылданады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)