Жылына әлемдегі өлім-жітімнің 15%-ы тек бір себептен болады
Жылына әлемдегі өлім-жітімнің 15%-ы тек бір себептен болады
4 жыл бұрын 3480 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша ересектер арасындағы өлім-жітімнің шамамен 15%-ы қоршаған ортаның ластануынан орын алады. Даму деңгейі жоғары 10 ел тұрғындарының денсаулығын қадағалап, зерттеген экологтардың тұжырымы осындай. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген экологтардың аталмыш тақырыптағы баяндамасы Вашингтон қаласында өткен денсаулық сақтау және қоршаған ортаны құрғау мәселелері жөніндегі ғаламдық альянста (GAHP) ұсынылды. Экологтардың айтуынша, судың ластануынан, ауадағы зиянды заттардан, ауыр еңбектен жыл сайын Үндістанда 2,3 млн адам, ал Қытайда 1,8 млн адам қаза табады. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш бойынша алғашқы бестік құрамында Индонезия, Нигерия және Пәкістан бар. Ал АҚШ-та мұндай себептерден жылына 200 мыңға тарта бақилық болып жатады. Қоршаған орта факторы оқшаулауға келмейтіндіктен әлемнің кез келген еліне қатер төндіреді.

0 пікір
Мұрағат