Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында жедел медициналық қызметті ақылы ету ұсынысы талқыланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ИА «24.kg» басылымына сілтеме жасап.
|
Жедел жәрдем ақылы болады
|
Міндетті медициналық сақтандыру қорының басшысы Марат Қалиевтің айтуынша, сырқат адамдарды тасымалдауға көп ақша жұмсалады.
«Тасымалдауды ақылы қылатын уақыт келді. Әрине, жедел жәрдем тегін болып қалатын азаматтардың бөлек тобы болады. Шетелде ешкім жедел жәрдемді «бостан-босқа» шақырмайды. Өйткені қалтасынан ақша шығарғысы келмейді», - деді Марат Қалиев.
Ол жаңа жүйені аймақтардан бастауды ұсынды. Өйткені ол жақтарда шақырту аз. Оның ұсынысын денсаулық сақтау министрі Талантбек Батырәлиев қолдады. Министр қолдауын денсаулық сақтауға үнемі ақша жетпей жатады деген себеппен түсіндірді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)