Жаңа жобаларға шетелдік инвестиция тарту бойынша Дубай әлемде бірінші орында тұр
Жаңа жобаларға шетелдік инвестиция тарту бойынша Дубай әлемде бірінші орында тұр
12 ай бұрын 840 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дубай 2022 жылы жаңа кәсіпорындарға (Greenfield FDI) тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) тарту бойынша жаһандық рейтингте көшбасшылығын сақтап қалған.  Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Араб Әмірлігінің тақ мұрагері Хамдан бен Мұхаммед әл Мактумның Twitter әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.Тақ мұрагерінің аталған әлеуметтік желідегі жазбасындағы дерекке сәйкес Дубай жаңа жобаларға тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша осымен екінші жыл қатарынан әлемде бірінші орынды бермей келеді – бір жылда бұл бағыттағы көрсеткіш 89,5%-ға өсіп, жалпы сомасы 47 млрд дирхамға (12,8 млрд доллар) артқан. Дубайдағы жаңа жобаларға қаржыны молынан құйған мемлекеттер: АҚШ (20%), Ұлыбритания (13%), Үндістан (12%), Франция (5%) және Швейцария (4%). Arabian Buisness, Financial Times аналитикалық бөлімінің мәліметіне сәйкес БАӘ коронавирустық пандемия басталғаннан бері тікелей шетелдік инвестиция өсімі бойынша жаһандық рейтингте көш бастап келеді. Аталмыш ғаламдық рейтингте Сауд Арабиясы мен Катар екінші және үшінші орындарға жайғасқан. Тікелей шетелдік инвестиция Қытайда, Ұлыбританияда, Францияда және АҚШ-та көп кеміген. Бұған қоса, Швейцариядағы іскерлік ахуалдың нашарлауынан сауда компанияларының Біріккен Араб Әмірліктеріне көшуі де аталған рейтингте араб елінің көш бастауына ықпал еткен.

0 пікір
Мұрағат