Жаңа баллистикалық зымыран сынақтан сәтті өтті
Жаңа баллистикалық зымыран сынақтан сәтті өтті
7 жыл бұрын 2386 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранда Khorramshahr деп аталатын жаңа баллистикалық зымыран сынақтан сәтті өтті. Бұл жайында PressTV ақпарат көзі хабар  таратты. Аталған қарудың ұшу қашықтығы 2 мың шақырымға жетеді. Ол бірнеше оқтұмсықты алып жүруге қабілетті. Айта кетейік, ел президенті Хасан Роухани Иранның әскери әлеуеті арттырыла беретінін және сыртқы күштердің, яғни, әлемді ашса - алақанында, жұмса – жұдырығында ұстағысы келетін державалардың аяқтан шалып, етектен тартуына жол бермейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Иранның қорғаныс әлеуетін агрессиялық мақсатта қолданбағанын жеткізді АҚШ пен өзге де басқыншылыққа барып отырған мемлекеттерді меңзеп. Иранның Tasnim ақпарат агенттігінің таратқан хабарына қарағанда, сынақтан сәтті өткен бұл жаңа зымыранды жасауда шетелдің қандай да бір компоненті пайдаланбаған.

0 пікір
Мұрағат