Жаһан: Әлемдегі ең қайырымды мемлекет қайсы екенін білесіз бе?
Жаһан: Әлемдегі ең қайырымды мемлекет қайсы екенін білесіз бе?
8 жыл бұрын 11057 muslim.kz

Бұл атаққа былтырғы жылғы көрсеткіштер бойынша Біріккен Араб Әмірліктері ие болып отыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымының қорытынды есебі бойынша БАӘ өзге мемлекеттердің дамуы жолында көрсеткен гуманитарлық көмектің көлемі бойынша бірінші орынға шығып отыр.

Аталмыш есеп 2014-жылғы мәліметтерді қоса қарастырған. Осы уақыт аралығында БАӘ аталмыш бағыт бойынша 5 млрд доллар қаржыны гуманитарлық көмекке жұмсаған. Айта кетейік, бұл атаққа БАӘ осымен екінші рет ие болып отыр.

 

Рамазан мерекесін атап өту үшін қалалық қазынадан қаржы бөлінетін болды 

Испания астанасы Мадрид қаласының мэрі Мануэл Кармен осындай бұйрық шығарды. Испан баспасөз құралдарының мәліметіне сүйенсек, бұрындары тек қана католиктік діни мейрамдарды ғана ұйымдастыратын қала билігі бұдан былай мұсылмандардың Рамазан мерекесі мен ақпан айында аталып өтілетін «қытай жаңа жылы» мейрамына да қаржылай қолдау көрсететін болады.

Қала билігі Ана Ботельи қолында болған кезде мұсылман жамағаты мен қытайлар бұл мейрамдарды өз күштерімен атап өтетін еді. Ал, биылғы жылы бұл шараларды өткізуді қала билігі өз мойнына алып отыр.

Әзірге Рамазан мерекесін қалай өтілетіні туралы нақты жоспар құрылмаған. Ал, ақпан айында болатын қытайлардың жаңа жыл мерекесін тойлауға жан-жақты дайындық жұмыстары басталып та кеткен. Дегенмен, қала мэрі Мануэл Карменнің бұл шешімі мадридтіктердің наразылығын тудырып отыр.

0 пікір
Мұрағат