|
Иранның Sayyad әуе қорғаныс жүйесі бір мезгілде 24 нысанды 180 шақырым қашықтан тани алады (видео)
|
Иранның отандық Sayyad («Аңшы») тактикалық әуе қорғаныс жүйесі жүз шақырым қашықтықтан бірнеше әуе нысанын жоя алады. Бұл жайында islam.kz порталы Иранның қорғаныс министрінің орынбасары Апшын Нәдір-Шәріпке сілтеме жасай отырып мәлім етеді.Sayyad ӘҚЖ 180 қашықтықтан 24 нысанды танып, соңына түсе алады әрі бір мезгілде 120 шақырым қашықтан алтыдан он екіге дейінгі нысандармен күресе алады.