Иранмен соғыса қалған жағдайда АҚШ қандай стратегиялық қателікке жол береді
Иранмен соғыса қалған жағдайда АҚШ қандай стратегиялық қателікке жол береді
6 жыл бұрын 3120 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранмен арада қарулы қақтығыс АҚШ-тың мүддесіне орасан зор нұқсан келтіреді. АҚШ Иранмен соғыса қалған жағдайда адам және қаржы шығыны орын алып қоймай, сонымен қатар, өзімен жұлдызы қарсы Қытай, Ресей және Солтүстік Корея елдерін тежеп ұстай алмай қалады. The National Interest америкалық мерзімді басылымның жауапты редакторының көмекшісі Джон Дейл Гровер осындай пікір білдіріпті. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео америкалықтардың Иранмен соғысуға мүдделі емесін мәлімдеген болатын. Алайда, АҚШ-тың Парсы шығанағындағы шұғыл әрекеті керісінше көріністі көз алдыңызға алып келеді: америкалықтар өз қызметкерлерін көрші Ирактан көшіріп, мұнымен ғана шектеліп қалмай, Пентагон Таяу Шығыста 120 мың сарбазын үйіп-төккен еді. Естеріңізде болса, АҚШ Саддам Хұсейн тұсында, яғни, 2003 жылы Иракпен соғыс кезінде осынша америкалық сарбазбен баса-көктеп кірген болатын. Әлбетте, қарулы қақтығыс орын ала қалған жағдайда қосымша күш керек. Десе де тікелей соғыс ашуға америкалықтардың батылы бара қоймайды. Бұдан бөлек, таяуда ғана Ормуз бұғазында арабтардың төрт мұнай танкеріне шабуыл жасалған болатын. Бұған ирандықтардың қатысы бары айтылып жүр. Ирандықтар Йемендегі хуситтердің қолымен от көсеп отыр, деп айыптауда араб елдері. Бір нәрсе анық, Иран ешуақытта АҚШ-қа тікелей қауіп төндіріп отырған ел емес. Мәселен, Қытай, Ресей немесе Солтүстік Корея Иранға қарағанда АҚШ-қа алдымен қауіп төндіруші елдер санатынан. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Таяу Шығыстағы геосаяси мүддесін жүзеге асыруға АҚШ қыруар қаржы шығындап отыр - 5,6 трлн доллар. 

0 пікір
Мұрағат