Жапония цифрлы активке салық реформасын жүргізеді
Жапония цифрлы активке салық реформасын жүргізеді
1 ай бұрын 1142 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Karam al-Masri / Reuters

Күншығыс елінің қаржы агенттігі криптоактивті реттеу саласында ауқымды әрі маңызды өзгерістерге дайындалуда. Бұл жайында islam.kz порталы жапондардың Nikkei ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған арал мемлекет цифрлы активті қаржы құралына, дәлірегі, құнды қағаздар секілді құралға теңестіруді көздеп отыр. Басты бастамалардың бірі - криптовалютадан түскен табысқа салынатын салық мөлшерлемесін қазіргі 55%-дан 20%-ға дейін төмендету. Бұл қадам ірі және бөлшек инвесторлардың осынпау секторға деген қызығушылығын оятады. Сондай-ақ, билік  Bitcoin ETF-ті мақұлдау мүмкіндігін қарастыруда, егер шешім қабылданса, бұл қадам Жапонияны осындай қаржы құралдары заңды болатын санаулы елдердің біріне айналдырады. Бұл шешім Азиядағы криптовалюта нарығының өтімділігін едәуір арттыра отырып, отандық және халықаралық өкілдіктер (инвестиция) тартуы мүмкін. Бұл тараптағы реформаның негізгі ережелері осы жылдың орта шешінде жарияланады. Содан соң заңнамаға енгізілетін түзетулер талқыланады. Артынан, яғни, келесі жылы (2026 ж.) ұлттық халық конгресінің сессиясында қабылданатын болады. Цифрлы активке қаржы құралы мәртебесін таңу Жапония экономикасына тың серпін беруі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат