Бір саусақ санына жететін жылда криптовалютаны пайдаланушылар қарасы 1 млрд адамға жетеді
|

Coinbase (Америка құрама штаттарының орталықтандырылған криптовалюта биржасы) 2030 жылға таман бір млрд адамның биткоинға (цифрлы активтің бір түрі немесе криптовалюта) ие болатынын болжады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде news.bitcoin.com ақпарат көзіне жөн сілтеген cryptonews.net сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Coinbase (Nasdaq: COIN) бас директоры Брайан Армстронг интернетпен және мобилді телефонмен салыстырылған криптовалютаның өсу траекториясы бойынша осындай пікір білдірді. Blackrock дерегіне қарағанда, бар-жоғы 12 жылда криптовалюта пайдаланушылар саны 300 млн адамға жеткен. Бұл тараптағы көрсеткіш мобилді телефонды пайдаланушылар санымен салыстырғанда 43%-ға, ал интернетті қолданушылар санымен салыстырғанда 20%-ға жылдам өскен. Жас өскіндердің аға ұрпаққа қарағанда криптовалютаны пайдаланушылар қатарын толықтырады. Бұған ең алдымен инфляция себеп болуы мүмкін. Әлемдегі ең ірі активтер менеджері Blackrock өткен айда интернет пен ұялы телефондармен салыстырғанда биткоинның тез қабылданатынын көрсететін зерттеу нәтижесін жариялады: «Биткоин интернеттен екі есе жылдам және ұялы телефондарға қарағанда 3 есе жылдам өскен. 2009 жылы іске қосылғаннан бері биткоинды қабылдаушылардың орташа жылдық коэффициенті 100%-дан асты, ол өзінің 63%-ымен интернеттен және ұялы телефондардан олардың бастапқы өсу кезеңдерінде 25%-ға асып түсті. Бұл үдеу цифрлық ұрпақтармен, инфляциялық қорқынышпен, қаржылық тұрақсыздықпен байланысты», деп айтылған зерттеуде. 1983 жылы ресми түрде іске қосылған интернет 300 миллион қолданушыға жету үшін 14 жыл қажет болды, ал 1973 жылы алғаш рет қолданылған ұялы телефон қолданушылар санының осындай көрсеткішке жетуіне табаны күректей 16 жылдан аса уақыт кеткен. Криптовалюта – қаржылық және технологиялық инновацияның бірегей құралы. Әлеуеті жоғары әлемдік валюта, инвестициялық ауқымы мен мүмкіндігі кең актив.




