Еуропалық ел криптоактивтен түскен пайданы салықтан босататын заң қабылдады
Еуропалық ел криптоактивтен түскен пайданы салықтан босататын заң қабылдады
1 ай бұрын 520 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Чехия президенті Петр Павел цифрлық активтерді үш жылдан астам уақыт ұстаған  криптовалюта инвесторларын капитал өсіміне салынатын салықтан босататын заңға қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Bitcoin Magazine басылымына жөн сілтеген incrypted.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасы өткен аптада қабылданып, жалпы еуропалық Markets in Crypto-Assets (MiCA) регламентінің бір блігіне айналды. Жаңа заң талаптарына сәйкес чех инвесторлары да жылдық көлемі 100 000 крон (шамамен 4200 доллар) аспайтын болса, салық декларацияларында криптовалюталық транзакцияларды көрсетуге міндетті емес. Бұл шаралар елде цифрлық активтерді дамытуға бағытталған. Банктер виртуалды актив бойынша клиенттеріне қызмет көрсетуден бас тартуға тыйым салады. Керісінше клиенттеріне криптовалюаның қандай актив екенін түсіндіріп, бұл саладағы көкейтесті ақпараттарды беруге және кеңес беруге міндеттейді. Бұған қоса, Чехияның ұлттық банкі өз қорын әртараптандыру мақсатында биткоинді актив ретінде пайдалану жолдарын қарастырып жатыр.

0 пікір
Мұрағат