2027 жылға қарай Мароккода жаңартылатын энергия көздерінің өсімі 35%-ға жетеді
|

Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) дерегі бойынша Мароккода жаңғыртпалы энергия өндірісі 2025-2027 жылдар аралығында орташа есеппен 16% -ға өсіп, 2027 жылға қарай елдің электр энергетикалық теңгеріміндегі өз үлесін 35% -ға дейін ұлғайтуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көмірден электр энергиясын өндіру үлесі 2024 жылғы 60% -бен салыстырғанда 2027 жылға қарай шамамен 50% -ға дейін қысқарады, яғни, жылына 2,5% -ға төмендейді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, фотоэлектрлік күн энергиясы жаңғыртпалы энергия көздерінің дамуында маңызды рөл атқарады, аталған кезең ішінде орташа есеппен жыл сайын 57% -ға ұлғаяды. Жел энергетикасы да жылына 15% -ға артады. Бұл өзгеріс Марокконың 2030 жылға белгіленген энергетика саласындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін кем дегенде 52% -ға дейін ұлғайту жөніндегі стратегиялық мақсатына сәйкес келеді. Аталған араб елінің теңіз суын тұшшыландыруға талпынысы осы сұранысқа ықпал ететін маңызды фактор ретінде алға шықпақ және 2027 жылға қарай бірнеше жаңа тұшшыландыру қондырғылары пайдалануға беріледі.




