Түркиядағы жалғызбасты адамдар қарасы 5 млн-нан асты
|

Бір отбасы тек бір адамнан тұратын үй шаруашылығының саны өткен жылы (2024 ж.) 5,3 млн адамнан астық Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Стамбұл жалғызбасты адамдар саны бойынша көш бастаған қалаға айналған – 943 мың 363 адам. Түркияның статистика институты (TurkStat) жинаған дерегі бойынша бір мекен-жайда тұратын жалғызбасты жандар саны 26 млн 599 мың 261 адамға жеткен. Қолда бар мәліметтерге сәйкес 2015 жылы жалғызбасты адамдар саны 3 млн 113 мың 496 адамды құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылы 203 мың 398 адамға артқан. 2017 жылы жалғызбастылар саны 3,5 млн-ға, 2019 жылы 4 млн-нан аса адамға дейін күрт өсті. 2020 және 2021 жылдары COVID-19 пандемиясы кезінде едәуір өскен. Тек 2020 жылдың өзінде жалғыз тұратындар саны 4,4 млн-нан аса адамға өсті, деп атап өтті TurkStat. Алайда, соңғы он жылда ең елеулі өсім 2021 жылы орын алды - жалғызбасты азаматтардың саны 376 мың 603 адамға артып, 4 млн 781 мың 600 адамға жетті. Түркиядағы жалғызбасты адамдардың дені ірі қалаларда тұрады. Мәселен, Стамбұл мегаполисінде – 940 мыңнан асып кеткен, одан кейінгі орыннан Анкара көрінген – 380 мың; үшінші орынға Измир табан тіреген – 370 мың; Анадолы (Анталия) – 200 мың: Бурса – 185 мың.




