|
Иран газ өндіруден әлемде үшінші орында тұр
|
Иран әлемдегі ең ірі газ өндіруші мемлекеттердің алғашқы үштік құрамында. Бүгінгі таңда парсылар елі жылына 252 млрд текше метр газ өндіреді әрі Ресей Федерациясы мен Америка құрама штаттарынан кейінгі орынға жайғасқан. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта Иранда елді-мекендер мен нысандарды газ құбыры желісімен қамту көрсеткіші 95 пайыздан асқан, ал әлемдегі екі ірі газ өндіретін екі державада - АҚШ пен Ресейде газ құбыры желісімен қамту деңгейі тиісінше 53 және 70 пайызды құрайды. Ең қызығы, Иран әлемдегі ең ұзын және күрделі газ құбырлары желілерінің біріне ие. Иран газ құбырларының ұзындығы Жер мен Ай арасындағы қашықтықтан 15% артық.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады